Спасибо!

Ваш голос принят. Голосование возможно только один раз.





Қазақстанның бірінші коммерциялық радиожелісі ең үлкен техникалық қамтумен және өзінің меншікті өндірісімен!

Ал енді толығырақ....

NS – тұтастай және толық біздің, қазақстандық белгі, нарықта 1995 жылғы наурыздың 6-да пайда болды, алғаш рет біз Алматыдан хабар тараттық.

1997-жылы – еліміздің тағы бірнеше ірі қалаларына шықтық: Астана, Қарағанды, Шымкент, Өскемен. Содан бері желінің аясы кеңіп, 28 хабар тарату нүктесіне дейін ұлғайды және бүгінгі күні 70 ірі елдімекенде тәулік бойы қазақ жерінің ең танымал радиосы – NS хабар таратып келеді!



Біздің орасан үлкен еліміздің түкпір-түкпірінде NS-тің тұрақты көпжылдық серіктестері бар. Ал, NS-тің 25 жылға жуық тарихы басталған Алматыда кәсіби өндірістік студиялар мен мықты мамандар жұмыс істейді.

NS радиостансасы жұмыс істеген күннен бастап көптеген жүлделер мен марапатқа ие болды.

  • 1999 ж. Халықаралық Жарнама фестивалі (Мәскеу): «Не кури» (Алексей Парепко) аудиожарнамасы үшін «Әлеуметтік жарнама» аталымында 1-орын.
  • 2002 ж. «Эфемми» Сыйлығы (Қазақстан): «Жылдың үздік бағдарламасы» - «Портреты» (Людмила Тимошенко)
  • 2002 ж. «Эфемми» Сыйлығы (Қазақстан): «Жылдың үздік жүргізушісі» - Наиль Ахмеджанов.
  • 2004 ж. «Халық сүйіспеншілігі» Бас жүлдесі – NS Радиосы белгісі. Brand of the year Байқауы (Қазақстан).
  • 2013 ж. "Жыл таңдауы №1" фестиваль-байқауында «Қоғамдық тану» сыйлығының иегері.
  • 2014 ж. "Жыл таңдауы №1" фестиваль-байқауында "Әлеуметтік және мәдени салаларды түсіндіруде қосқан үлесі, тұрақты кәсіпқойлық және жоғары шығармашылық деңгей» Бизнес Гран При №1 арнайы жүлдесі.
  • 2015 ж. Қазақстан Республикасы журналистика академиясының "Алтын Жулдыз" Ұлттық жүлдесі «Үздік радио» аталымында.
  • 2017 ж. "Жыл таңдауы №1" фестиваль-байқауында «Кәсіпқойлық жетістіктер үшін» аталымында Лауреат.
  • 2018 ж. "Tolqyn" сыйлығының иегері Ләззат Абдреева - " Үздік эфирлік дауыс".
  • 2018 ж. "Tolqyn" ұлттық сыйлығы - "Музыкалық бағдарлама" аталымы бойынша жеңімпаз.
  • 2019 ж. "Tolqyn" ұлттық сыйлығы - рейтингтік компаниялардың нұсқасы бойынша ең танымал радио.
  • 2020 ж. Жаңалықтардың шығарушы редакторы Ләззат Абдреева "Nur OTAN" партиясы тағайындаған "NUR SUNQAR - 2020" республикалық байқауының "Радионың үздік журналисті" аталымында жеңімпаз атанды.



Бәрі алға жылжиды, әлем өзгеруде, біз де өзгерудеміз. Мысалы, біздің радиостанса көп жылдар «халықтық» деп сипатталған музыкалық формат, соңғы жылдары айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Тәулік бойы тыңдауға болатын көбірек «ересектерге» арналған музыка – бұл қазіргі NS радиосының эфирі.


NS эфирі қандай болуы тиіс, оны сіздер шешесіздер - ұсыныс-тілектеріңіз бен ескертулеріңізді біздің әлеуметтік желілеріміз Instagram, TikTok, және Telegram беттерінде күтеміз. Онда радионың көңілді өмірі туралы жедел ақпарат қайнап жатыр.


Әрқашан сіздердің NS радиосы!

Біз әуеннен жаралғанбыз!