Спасибо!

Ваш голос принят. Голосование возможно только один раз.

Виктория Дайнеко тұрмысқа шықты.
20.04.2015, 17:25
Виктория Дайнеко инстаграмына көликте жасалған селфи салды. Суретте ақ желек және қалыңдыққа арналған гүл шоғы байқалады. Бұл сурет рәсімдеуге дейін жасалған тәрізді. Оған себеп әншінің саусағында неке жүзігі байқалмайды. Суреттің астына әнші қалжыңдап: «Ciao!»-деп жазған екен. Бұл оның қыз ғұмырына хош айтқан түрі! Естеріңізге сала кетсек, Виктория мен Дмитрийдің қарым қатынасы жайында қыстың басында айтыла бастаған еді. Содан кейін жастар бірге түскен суреттерін салды. Ал ғашықтар күнінде музыкант қалыңдығына күйеуге шығуға ұсыныс жасады. Ол ұсынысты қуана қабыл алды. Жастар тойға дайындықтарын бүге шүгесіне дейін жанкүйерлеріне баяндап отырды. Ал дәл неке рәсімдеу сәті жария етілмеді. Әлеуметтік желіде жас жұбайларды жанкүйерлері мен достары, әріптестері құттықтайтын болады.


Ақпарат көзі: muzlife телеарнасы



Виктория Дайнеко
Другие новости