Спасибо!

Ваш голос принят. Голосование возможно только один раз.

Сүйінші! Әріптесіміз Ләззат Абдрееваны құттықтаймыз. Ол "NUR OTAN" партиясы ұйымдастырған республикалық «NUR SUNQAR - 2020» байқауының «Үнжария – үздік радио журналисті» аталымында жеңімпаз атанды. Бүгінде бұл сыйлық журналистер қауымы арасында беделді де танымал марапатқа айналды. «NUR SUNQAR» – медиа-қоғамдастық қызметкерлерінің елде жүріп жатқан реформаларды қолдау, қоғамдық маңызы бар жобалардың табысты атқарылуы және халықтың кері байланысын қамтамасыз ету бойынша сіңірген еңбегі мен үлесін бағалаудың бір көрінісі.

"NUR OTAN" партиясы мен «NUR Media» холдингіне құттықтаулар үшін алғысымызды білдіреміз! Сондай-ақ, БАҚ барлық қызметкерлерін кәсіби мереке – Журналистика күнімен құттықтаймыз!


подарок